Halyq Uni логотип
×

Жаңа министр ДСМ-дегі жұмысын неден бастайтынын айтты

Ведомство басшысы МӘМС жүйесін реттеуге кірісіп кеткенін айтты

 Дәурен Ерболат 08.02.2024 | 11:53
Жаңа министр ДСМ-дегі жұмысын неден бастайтынын айтты
Ақмарал Әлназарова, фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Ақмарал Әлназарова ведомстводағы жұмысын неден бастайтынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Жұмысымызды президент тапсырмаларын орындаудан бастаймыз. Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы тарапынан тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Президенттің нақты тапсырмасы – МӘМС жүйесі. Бүгінде медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысында нақты нәтиже жоқ. Осыған байланысты МӘМС-ке сын көзқараспен қарап, жұмысты өзгерту мәселесін қарастырамыз. Кеше осы жұмысты бастап кеттік десек те болады», - деді ведомство басшысы Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министр МӘМС жүйесіне қатысты асығыс шешім қабылдауға болмайтынын айтты.

«Алайда (бұл мәселеде) тез шешім қабылдауға болмайды. Себебі, халықпен жұмыс істеу керек. Сондықтан мұнда асығыс шешім қабылданбауы керек. Тиісті сарапшыларды сырттан да тартып жатырмыз. Себебі, қателесуге болмайды», - деді Ақмарал Әлназарова.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі лауазымын Ажар Ғиният атқарды. Үкімет құрамы жаңарғанда Ажар Ғиниятқа миистрлер кабинетінен орын бұйырмады. Алайда, Ажар Ғинияттың орнын басқан Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрлігінде әзірге кадрлық өзгеріс болмайтынын жеткізді.

Меніңше, министрлік аппаратының әлеуеті жоғары. Бірақ жұмысты үйлесімді түрде жүргізу жеткіліксіз болды. Қазіргі аппаратпен осы жұмысты бірлесе отырып бастаймыз. Әзірге ауыс-түйіс күтіліп отырған жоқ, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама