×

Павлодар облысында ауру малдың сүтін ішкен 3 жасар бала сырқаттанып қалған

Өңірде 450 бас мал сібір жарасына және құтырма ауруына қарсы егілмеген

 Динара Амантай 08.02.2024 | 11:30
Фото: egemen.kz

Павлодар облысының прокуратурасы ветеринария саласын тексеру кезінде өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атап айтқанда, жалған вакцинация жүргізу анықталды. Сондай-ақ аса қауіпті аурулардың бар-жоғын тексеру үшін патологиялық материалдар жіберілмеген, инфекцияға күдікті малдарды оқшаулау туралы нұсқамалар шығарылмаған.

Тексеру барысында ветеринариялық пунктердің бірінде 450 бас малдың сібір жарасына және құтырма ауруына қарсы вакцинация жүргізбеу фактілері анықталды. Бұл ретте ветеринарлық дәрігерлер малдарды өткізу үшін жалған анықтамалар беріп, кейін олар мал союға арналмаған жерлерде сойылған болып шықты. Аса қауіпті ауруларға шалдығуға ықтималдылығы жоғары мыңнан астам жануар тіркеуден жасырылған. Вакциналар заңнама талаптарын және температуралық режимді бұза отырып, бейімделмеген жерлерде: от жағатын және басқа да қосалқы үй-жайларда сақталған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Жоғарыда аталған бұзушылықтар жалпы халық арасында инфекцияның жаппай таралуына әкелуі әбден мүмкін. Бұған Баянауыл ауданында ауру малдың сүтін ішу салдарынан 3 жасар баланың бруцеллез ауруына шалдығуы дәлел бола алады.

Барлық баяндалған фактілер бойынша облыс прокуратурасы алдын ала прокурорлық қадағалау шараларын қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама