Жамбыл облысында 36 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
Биыл 60 622 азамат жұмысқа тартылады деп жоспарланып отыр
Жамбыл облысында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Әрбір 10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» аясында 21 045 жұмыс орны ашылды.
Былтыр ұлттық жоба аясында 66 202 адам жұмысқа тартылып, көрсеткіш 122,2 пайыз орындалған.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне қарағанда, бос жұмыс орындарына 36 018, алғашқы жұмыс орындарына 574, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 072 азамат, жастар практикасымен 3 047 түлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға 10 256 жұмыссыз тартылған. Бұдан бөлек, «Күміс жас» жобасына 800, Ұрпақтар келісімшартына 29, жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес, оқыту курстарына 973, жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту курстарына 432, онлайн оқытуға 2 682, «Бастау бизнес» курстарына 9 274 адам жолданып, 1 045 адам мемлекеттік грант алған.
Жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 45 253 адам болса, есепті кезеңде 51 796 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 114,5 пайыз орындалған. Соның ішінде тұрақты жұмысқа 36 018 адам жолданып, көрсеткіш 113,5 пайызға жеткен.
Енді биыл 60 622 азамат жұмысқа тартылады деп жоспарланып отыр. Оның 31 746-ы – тұрақты жұмыс орындары.