Өскеменде түрмеге көкнәр өткізбек болған күдікті ұсталды
Есірткінің салмағы бір келіден асады
Өскеменде түрме аумағына есірткі лақтырмақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
№5518 әскери бөлімінің жауынгерлік жасағы қаладағы №16 түзеу мекемесін күзеткен. Патрульдеу барысында Ұлттық ұлан сарбаздары түрмеге көкнәрді лақтырмақ болған В. атты күдіктіні анықтады. Ер адамды тексеру барысында одан салмағы 1 келіден асатын көкнәр табылды. Есірткі сотталғандарға арналған.
Көкнәр тәркіленіп, күдікті құзырлы органдарға тапсырылды.