Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда сатушы несиесін төлеу үшін кассадан ақша жымқырған

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 07.02.2024 | 15:22
Қарағандыда сатушы несиесін төлеу үшін кассадан ақша жымқырған
Фото: Halyq Uni

Қарағандылық сатушы несиесін төлеу үшін өзі жұмыс істеп жүрген мекеменің кассасынан 1 млн теңгеден астам ақша жымқырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне қаладағы дүкендердің бірінің кассасынан белгісіз біреудің ақша жымқырып жүргендігі туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері жүргізген тексеріс жұмыстары барысында бұл қылмысқа сол жерде жұмыс істейтін 35 жастағы сатушының қатысы бар екені анықталды.

Күдікті әйел бірнше несие рәсімдегенін және оны жабуға ақшасының болмағанын мойындады. Сондықтан сатушы сол несиесін жабу үшін 4 ай көлемінде кассадан жасырын түрде ақша алып отырған. Соңында ол өзі жұмыс істейтін сауда орнына 1 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Қазір ұрлық дерегіне байланысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама