×

Ақтөбе облысының тұрғындары боранда далада қалған жолаушыларға нанды 1300 теңгеден сатқан

Олар 2 күн бойы нәр татпаған еді

 Еркеғали Болатұлы 07.02.2024 | 11:35
фото: видеодан скриншот

Ақтөбе облысының Хромтау қаласы маңында ауа райының қолайсыздығынан 6 автобус жолда қалып қойған. Жалпы саны 80 адам далада екі тәулік бойы тамақсыз қалды. Арасында балалар да бар. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қарлы боранда жолда қалған адамдардың Өзбекстан азаматтары екені анықталды.

ҚазАвтоЖол» қызметкерлерінің айтуынша, күннің бірінші жартысында жолда мыңнан астам жүк көлігі мен 400-ге жуық жеңіл көлік жиналып қалған. Олар ауа райының жақсаруын күткен. Сол кезде жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары көлік жүргізушілеріне бір бөлке нанды 1300 теңгеден сатқан, – делінген хабарламада.

6 ақпанда сағат 15:00-де көлік қозғалысы қайта жанданды. Жолда қалған адамдарға азық-түлік жеткіземіз деп шыққан еріктілер оқиға орнына әрең жеткен.

«Олар жолда 2 күн қалып қойғанын, балалардың нәр татпағанын айтты. Тамақ та, су да жоқ. Жақын маңда бірде-бір жанармай бекеті де, дүкен де жоқ. Кептеліс болғандықтан әрең жеттік. Жолды тек жеңіл көліктер үшін ашыпты. Сол себепті көліктер көп болды. Біз 2 сағатта жеттік. Балалар қуанышын жасыра алмады, ата-аналары алғыс білдірді», – дейді ерікті Екатерина Голотина.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама