×

Қарызын қайтарғысы келген ер адам танысын пышақтап кеткен

Олардың арасында жанжал туындаған

 Динара Амантай 07.02.2024 | 10:57
Фото: Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында танысын пышақтап кеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотталушы берешек ақшаны қайтарып алу үшін танысымен кездескен. Сөйлесу барысында екеуінің арасында жанжал туындаған. Содан соң ер адам жәбірленушіге жақындап келіп, жүрек тұсынан пышақпен ұрған. Ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.

Сот үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ 10 млн теңге моральдық шығын өндірілді, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама