Әйелін шапалақпен бір тартқан ер адам 10 күнге қамауға алынды
Сотта қала тұрғынына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды
Астанада әйелін шапалақпен бір тартқан ер адам 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ұрып-соғу фактісі бойынша (ӘҚБтК 73-2-бабының 1-1-бөлігі) қала тұрғынына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, отбасылық жанжал барысында ер адам зайыбына физикалық ауырсыну келтіре отырып, бетінен соққы берген. Алайда денсаулығына жеңіл болса да зиян келтірмеген.
Сот қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.