Жазира Орақбаева мен Ләззат Күнгейбаева құрмет тұғырының биік сатысынан көрінді
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2024 турнирінде екі алтын медальді жеңіп алды.
52 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева мен 81 келіден аса салмақта күш сынасқан Ләззат Күнгейбаева жеңімпаз атанды.
Жарыстың финалына Қазақстаннан 9 боксшы шығып, оның жетеуі шешуші айқаста қарсыластарынан жеңіліп қалды. Олар – Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Мадина Нұршаева (70 келі), Гүлсая Ержан (75 келі) мен Фариза Шолтай (81 келі).