×

Шымкенттегі балалар үйінен екі қыз қашып кетті

Полицейлер тәрбиеленушілерді бірнеше сағат бойы іздеп тапты

 Дастан Жұмабекұлы 06.02.2024 | 12:13
Фото: almaty.tv

Шымкент қаласында Бархат көшесіндегі №3 балалар үйінен екі қыз қашып кетті.

Тәрбиеленушілер 5 ақпанда сағат 19:20 шамасында мекемеден шығып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, 2007 жылы туған қыздар көлікке отырып, екі жігітпен кетіп қалған.

Полицейлер балалар үйінің қашып кеткен тәрбиеленушілерін бірнеше сағат бойы іздеп тапты. Содан кейін олар Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді.

Қазір қздар балалар үйінен қандай себеппен қашқандарын түсіндіріп жатыр.

Еске сала кетсек, былтыр да 16 ақпанда Шымкенттегі балалар үйінен екі тәрбиеленуші қашып кеткен болатын. Сол кезде де кешкі сағат 21:45 шамасында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығынан шығып кеткен екі қызды полиция іздеп тапқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама