×

Өткен тәулікте 70-тен аса өрт болды

Бұл ретте 58 адам құтқарылып, эвакуацияланды

 Динара Амантай 06.02.2024 | 09:16
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Елімізде бір тәулікте 70-тен аса өрт болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан ТЖМ күштері 154 жедел шығу жасады. Оның 73-і өрттер мен жану оқиғаларына, 80-і іздестіру, апаттық-құтқару және басқа да жұмыстарға шықты.

Бұл ретте 58 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтап, дабылды ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама