Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында инвестордың жұмысы заңсыз тексерілген

Заңсыздыққа жол берген қызметкер жауапқа тартылды

 Дәурен Ерболат 06.02.2024 | 09:32
Алматы облысында инвестордың жұмысы заңсыз тексерілген
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында СТК Sokol ЖШС инвесторына бақылаушы орган тарапынан заңсыз тексеріс жүргізілген, деп хабарлады облыстық прокуратура.

Инвестор спортты дамытуға бағытталған жобаға 20 млрд теңгеден аса қаржы салған.

Кәсіпкерлік кодекстің талаптарын бұза отырып, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тексеруді тағайындау туралы акті тіркелмей, компания қызметін тексерген.

Тексеру қорытындысы бойынша ауданы 100 га жер учаскесіне ауыртпалық салынған. Қадағалау актісі бойынша тексеру заңсыз деп танылып, жер учаскесіне салынған шектеу сипатындағы ауыртпалық алынды, - деп жазылған хабарламада.

Облыс прокуратурасының қаулысымен заңсыз тексеруді іске асырған қызметкер Әкімшілік құқық бұзушулық туралы кодекстің 175-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама