Halyq Uni логотип
×

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан ер адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін – ІІМ

Күдікті бұған дейін халықтан кешірім сұраған еді, тіпті жедел жәрдем жүргізушісі де кешірім беретінін айтқан

 Дәурен Ерболат 05.02.2024 | 16:28
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан ер адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін – ІІМ
Фото: Halyq Uni

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға шыққан күдікті Нұрболат Дәкебаев жауапқа тартылады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қылмыстық іс қозғалды. Ол әкімшілік тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бостандығынан айырылуы мүмкін,  - деді Игорь Лепеха.

Оқиға 2024 жылдың 27 қаңтарында Қарағанды қаласында болған. 36 жастағы азамат науқастардың шақыртуымен келген жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан.

Бас прокуратура 1 ақпанда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дакебаевты ұстап, күдікті қамауға алынды.

1 ақпанда күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды. Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады, - дейді ведомстводағылар.

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы өзін соққыға жыққан адамды кешіретінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама