Осылайша, 10 мыңнан аса тұтынушының мүддесі қорғалды
Азаматтар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау аясында Бурабай ауданы прокуратурасының қызметкерлері тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қадағалау ведомствосы электр және жылу энергиясы, ғимараттар мен құрылыстарды ұстау, сондай-ақ амортизацияға арналған шығындарды тарифтік сметасына негізсіз енгізу фактілерін анықтады. Аталған бұзушылықтар бойынша прокуратурамен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Нәтижесінде абаттандырылған үйде тұратын бір тұрғынға тарифтің құны 37,70 теңгеге (ҚҚС қоспағанда 1 текше метрі үшін 420-дан 382,30 теңгеге), ал абаттандырылмаған үйлер үшін 40,91 теңгеге (ҚҚС қоспағанда 1 текше метрі үшін 455,85-ден 414,94 теңгеге) төмендетілді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Кінәлі лауазым иелері жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, 10 мың 173 тұтынушының, оның ішінде 183 заңды тұлғаның мүддесі қорғалды.