×

Ақтөбеде жұртты магистратураға түсіруге уәде берген әдіскер ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 05.02.2024 | 14:24
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде адамдарға магистратураға түсуге көмектесемін деп жалған уәде берген әдіскер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полицияға облыстың бірнеше тұрғыны белгісіз әйелге алданғаны туралы арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті өзі әдіскер болып жұмыс істейтін Ақтөбедегі жоғары оқу орнына магистратураға түсуге көмектесуге уәде беріп, олардан белгілі бір сомада ақша алған. Алайда уәдесін орындамаған. Қазір күдіктіге 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейінгі көлемде ақша берген 11 жәбірленуші анықталды. 

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жоғары оқу орындарының магистратурасына оқуға түсу конкурстық негізде жүргізілетінін, ал ақшалай сыйақыға түсу заңсыз болып табылатынын еске салады, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама