×

Бүгін Астанада қар тазалауға 2,5 мың жұмысшы шықты

1,6 мың техника жұмылдырылды

 Дастан Жұмабекұлы 05.02.2024 | 11:17
Фото: gov.kz/ Астана қаласының әкімдігі

Астанада таңертең ерте көше мен ауланы қардан тазалау жұмысы басталып кетті.

Қарды тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшы шығып, 1,6 мың техника жұмылдырылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы, бүгін түнде қаладан 55 мың текше метрден астам қар шығарылған. Ал қыстың басынан бері көліктер елордадан қаланың шетіне барлығы 3,7 млн текше метр қар апарды.

Астанада бірнеше қар полигоны орналасқан. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған. Онда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.

«Қазгидрометтің» мәліметіне қарағанда, 5-6 ақпанда Астана бұлтты болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 1-3 градус нөлден төмен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама