Астанада балаларды ұрған 30 жастағы күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Елордада балаларды ұрған 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақпаратты Астана қаласының полиция департаменті растады.
Оқыс оқиға қаладағы «Эдем Палас 2» тұрғын үй кешенінде болған.
Байқоңыр ауданының полиция басқармасы бұл дерек негізінде тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.