Бұл дертті емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – тегін
Бүгін – Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні. Бұл дата 2005 жылы Халықаралық обырға қарсы күрес одағының (UICC) бастамасымен бекітілген, деп хабарлады Halyq uni.
Бұл датаны бекіткендегі мақсат – халықтың онкологиялық аурулардың профилактикасы және оны ерте анықтау туралы хабардар болуын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы хабардар ету.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам обырға шалдығады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, онкологиялық есепте 218 мың қазақстандық тұр, онкологиядан 12 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Елімізде сүт безі обыры, колоректалдық обыр, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры ең көп таралған. Бұл дертті емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді.
Сондай-ақ министрлік қазір Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізілетінін, олардың емханаларда қолжетімді екенін еске салды.
Олар:
Бұған дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Хайдарова елімізде онкологиялық дертке шалдыққан 12 мың бала барын айтқан болатын. Сондай-ақ маман Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендегенін атап өтті.
Егер 2022 жылы елімізде онкологиялық аурулардан 13 мыңға жуық қазақстандық қайтыс болса, былтыр 11 мың адам көз жұмған. Өлім-жітім көрсеткіші азайып, 5 жылдық өмір сүру деңгейі артып келеді. Бұл – біздің қызмет үшін өте маңызды көрсеткіш, - деді онколог.