Halyq Uni логотип
×

Шәмшінің әнін қазақша айтқан кәріс әншісі көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Ол тыңдармандарының ерекше ықыласына ие болды

 Халық үні 03.02.2024 | 19:31
Шәмшінің әнін қазақша айтқан кәріс әншісі көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қазақ әндерін корей тілінде шырқайтын Сон Вон Саб Шәмшінің әнін шырқады, деп хабарлады Baq.kz.

Қазақ әндеріне ковер жасап жүрген корей әншісі Сон Вон Саб Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жырын» орындап, тыңдармандарының ерекше ықыласына ие болды.

Ол аранжировканы әлеуметтік желілеріне жариялап, оқырмандарынан қалай шыққанын сұрады.

Музыкалық аранжировка ұнай ма? Мен әлемдегі барлық ананы жақсы көремін, - деді Сон Вон Саб.

Әнші оқырмандарын сәуірде Алматыда өтетін концертінде осы әнді бірге шырқауға шақырды.

Ал желі қолданушылары әншіге қазақ тіліне көрсеткен құрметіне алғысын жаудырып, пікір жазды.

«Беріліп айтып тұрған жүрегіңнен айналайын. Қазақ тіліне деген құрметіңе рақмет. Биіктерден көріне бер». «Әнді керемет орындадың. Нағыз талантсың». «Ең тамаша әндердің бірі. Бұл әнді білмейтін қазақ жоқ шығар. Жарасың, кәріс бала», «Басқа ұлт болса да майын тамызып, ырғағын келтіріп айтады»  - деп қазақстандықтар пікір жазды.

Кейбірі қазақ тілін білмейтіндерге Сон Вон Сабтан үлгі алу керегін де жазды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама