Қарағанды облысында балықшы көлігімен бірге суға батып кетті
Екі адам жағаға өз бетімен шыққан
Қарағанды облысында балықшы көлігімен бірге суға батып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін сағат 02-16-да Осакаров ауданы Молодежный кентінен 10 шақырым жерде Қ.Сәтбаев каналының № 10 ГЭС-нен балық аулау кезінде «Renault» жеңіл көлігі мұз астына құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Анықталғандай, көлікте 3 адам болған. 2 адам жағаға өз бетімен шыққан. Оларға медициналық көмек қажет болмады. ТЖД күшімен 1985 жылы туған үшінші азамат іздестіріліп жатыр, – делінген Қарғанды облысы ТЖД хабарламасында.
Ведомство өкілдері қандай жағдай болмасын көлікпен мұзға шықпауды ескертеді.