БҚО прокуратурасымен мемлекетке 231 млн теңгенің жер телімдері қайтарылды
Олар мұқтаж адамдарға табысталатын болады
БҚО прокуратурасымен мемлекетке 231 млн теңгенің жер телімдері қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Шыңғырлау ауданының прокуратурасымен жер заңдылығының сақталуы бойынша жүргізілген талдау қорытындысы негізінде шаруа қожалықтарымен жер телімдерін мақсатына сәйкес пайдаланбайтындығы анықталды.
Прокуратурмен жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізілді.
Қадағалау актісі негізінде мемлекетке 231 млн теңге көлемінде жалпы көлемі 12 мың 234 гектар 22 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Болашақта жер телімдері тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.