×

Павлодар облысында мамандығы жоқтарға жаңа мүмкіндік берілмек

Білім алуға барлық жағдай жасалады

 Дәурен Ерболат 02.02.2024 | 17:28
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында жұмыссыз және мамандығы жоқ тұрғындар кез келген мамандық бойынша колледж бен университетте тегін кәсіби біліктіліктен өте алады. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова айтты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Биыл кәсіптік біліктілікті танудан өту үшін бір реттік ваучерлер енгізіледі.  Бұл – электронды құжат. Ол жұмыссыз және мамандығы жоқ адамға кәсіби біліктілікті тегін алуға мүмкіндік береді. Осылайша, олар мансап орталығының жолдамасынсыз ваучер есебінен өз бетінше жұмысқа орналаса алады, – деді Альмира Дисюпова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тұрғын оқытудың әлеуметтік-гуманитарлық бағытын таңдаса, оған 11 мың теңге (3 АЕК), ал техникалық бағыт бойынша 25 844 теңге (7 АЕК) стипендия беріледі. Сондай-ақ ауылдан Павлодарға келіп оқу керек болса, жолақы да қарастырылған: 22 152 теңге (6 АЕК).

Бір реттік ваучер алу үшін жұмыссыз және мамандығы жоқ азаматтар ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасындағы (career.enbek.kz) жеке кабинетінде электронды цифрлы қолтаңбаның көмегімен өтініш жібереді, – деді басқарма басшысы.

Осыдан кейін «Атамекен» ҰКП тізімінде тіркелген мамандық пен колледжді немесе оқу курстарын таңдайды. Оқыту мерзімі – 3 ай. Әзірше өңірде мұндай мүмкіндікті 45 адамға беру жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама