Ереженің күші жойылды
Астанада жолаушылар автобустың барлық есігінен мініп-түсе алады, деп хабарлады CTS компаниясы.
Биыл 1 ақпаннан бастап жолаушылар қоғамдық көліктің кез келген есігінен кіріп-шығуға құқылы. Үкіметтің 2007 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен бекітілген елордада жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесінің күші жойылғанын хабарлаймыз, – делінген хабарламада.
Жолаушыларды тасымалдаудың жаңа ережелеріне сәйкес, алдыңғы есік арқылы кіру талабы реттелмеген, яғни жолаушыларды отырғызу мен түсіру барлық есік арқылы іске асырылады.
Қазір бағдарлардағы аудио хабарламалар мен бейнероликтер өшіріліп жатыр.