Павлодарда көлік өртеніп, 23 жастағы жігіт қаза тапты
Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Павлодарда автокөлік өртеніп, 23 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлады облыстық ТЖД.
2 ақпанда түнгі сағат 05:31-де үйдің ауласында көліктің өртенгені туралы ақпарат түсті. ВАЗ-2190 толық жанып кеткен. Өрттің ауданы – 4 шаршы метр.
Өрт сөндірушілер көліктің жанынан 2001 жылы туған ер адамның күйген денесін тапты. Оның нақты неден көз жұмғаны анықталып жатыр.
Өрт түнгі сағат 05:48-де толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Өртті сөндіруге 5 адам мен 1 техника жұмылдырылған.