Шымкентте терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды
Ол ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған
2024 жылғы 1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұдан басқа, тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіледі, – делінген ҰҚК хабарламасында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.