Алаяқтар халықтың 2,9 млрд теңгесін қалтасына басқан
Қызылорда қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті ұсталды.
Оның 2021-2022 жылдары бір топ адаммен жалған автокөлік несиелерін рәсімдеп, халықты 2,9 млрд теңгеге алдағаны анықталды. Алаяқтардың кесірінен 235 адам ақшасынан айырылған.
Тергеу кезінде күдікті Қаржауов тергеуден жалтарып жүрген. Оған іздеу жарияланған.
Қазір Қаржауов Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Оның қылмысы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Сондай-ақ өмір бойы лауазымды қызметпен айналасу құқығынан айырылады.