Halyq Uni логотип
×

«Бельгия елшілігінен жауап келді»: Жәнібек туралы жаңа дерек шықты

Баланың анасы әлі іздестіріліп жатыр

 Халық үні 01.02.2024 | 21:47
«Бельгия елшілігінен жауап келді»: Жәнібек туралы жаңа дерек шықты
фото: әлеуметтік желіден

Шетелдіктер асырап алған Жәнібек биологиялық анасын іздеп елге келген еді.

Осы орайда журналист Қымбат Досжан баланың оқиғасына қатысты жаңа деректі жариялады. «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясы Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне хат жолдаған. 

Қазақстан Республикасының Бельгиядағы елшісі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан мырзадан жауап келді. Хат мазмұнында Жәнібек Жұмағұлов көмек сұрап, Бельгиядағы елшілікке жүгінбегені жазылған. Бұл мәлімет бұған дейін де бізге белгілі еді. Өйткені, Жәнібектің айтуынша, бала 16 жасында асырап алған адамнан бөлек кетіп, кәмелеттік жасқа толғанда тіпті Испанияға кетіп қалған.

Сондықтан анасын іздеп, Испаниядан келген еді. Елшілік хатындағы екінші мәлімет: бала асырап алу орталығы өкілінің хабарлауынша, Жәнібектің асырап алынуы асырап алу агенттіктерінің қатысуынсыз, жеке, тікелей болған.

Сондай-ақ, осы орталықтың өкілі бұл бала кәмелетке толғандықтан, қандай да бір есептерді, ақпаратты сұрауға немесе осыған байланысты қадам жасауға құқығы жоқ дегендей жауап алдық, – дейді журналист. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама