×

Шымкентте қыз алып қашуға қатысты сот ісі басталды

Күдіктіге тағылған айып расталса, ол барлық мүлкінен айырылып, 7 жылдан 12 жылға сотталуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 01.02.2024 | 16:57
Фото: Halyq Uni

Шымкентте Маңғыстау облысы тұрғынының үстінен адам ұрлау оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қызға үйленгісі келіп, оны алып қашқан болатын. Бірақ 16 қаңтарда жәбірленушінің анасы полицияға арыз жазғаннан кейін бойжеткен отбасына оралды.

Қазір адам ұрлау ісі бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Маңғыстау облысының тұрғыны ұсталып, 2 айға қамалды.

Тергеу кезінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Күдіктіге тағылған айып расталса, ол барлық мүлкінен айырылып, 7 жылдан 12 жылға сотталуы мүмкін.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына сәйкес, басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Іс қала прокуратурасының бақылауына алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама