Halyq Uni логотип
×

Астанада түнгі клуб күзетшілері келушіден ақша бопсалаған

Қылмысқа қатысы барлар қамауға алынды

 Динара Амантай 01.02.2024 | 14:49
Астанада түнгі клуб күзетшілері келушіден ақша бопсалаған
Фото: polisia.kz

Астанада түнгі клуб күзетшілері келушіден ақша бопсалаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елордалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында күзет қызметкерлерінің мекеме клиентінен ақша бопсалау фактісін анықтады.

Түнгі клубтың 21 және 24 жастағы күзетшілері Абай көшесінде 230 мың теңге көлемінде ақшаны алып жатқан жерінде ұсталған. Бұған дейін Астана тұрғыны полицияға арыз беріп, күзетшілердің өзінен дене күшін қолданып, қорқыту арқылы 1,5 млн теңге көлемінде ақша бопсалағанын хабарлаған.

Қазір бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысқа қатысы барлар қамауға алынды. Осы қылмысты жасағаны үшін баптың санкциясы шектеу немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама