Halyq Uni логотип
×

ШҚО-дағы мектепте бұрын сотталған адамдар жұмыс істеген

Соның ішінде психикалық ауруға шалдыққан адам да болған

 Дастан Жұмабекұлы 01.02.2024 | 13:15
ШҚО-дағы мектепте бұрын сотталған адамдар жұмыс істеген
Фото: egemen.kz

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында бұрын сотталған адамдар жұмыс істеген.

Атап айтқанда, аудандық мектепте бұрын қасақана қылмыс жасап, бас бостандығынан айырылған мұғалім мен екі күзетші еңбек еткен. Олар Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының талаптарына қайшы қызмет атқарған.

Сондай-ақ психикалық аурумен ауыратын адам оқушылармен жұмыс істеуде көмекші болған. Ол аурухананың «Д» есебінде тұрған.

Қазір Еңбек кодексіне сәйкес, жоғарыда аталған азаматтар қызмет орнынан босатылды. Ал оларды жұмысқа қабылдаған кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде бұрын сотталған адамдарды қызметке алған мектеп басшысына ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-5-бөлігінің 5) тармағы бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама