×

Шымкентте миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген Lexus жүргізушісі ұсталды

Оның көлігі айыптұрағына қойылды

 Динара Амантай 01.02.2024 | 09:40
Фото: видеодан скриншот

Шымкентте «Қорғау» жүйесінің көмегімен миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген Lexus жүргізушісі анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өткен дүйсенбіде бағдарлама Тәуке хан даңғылында борышкердің басқаруындағы автокөлік туралы ақпарат берді. Азаматтың 27 миллион теңге көлемінде берешегі бар болып шықты.

ЖБО кезекшілері көлікті ұстауға патрульдік полиция инспекторларын бағыттады. Қала тұрғынына қарызды төлеу қажеттілігі туралы ескертілді, ал оның «темір тұлпары» айыптұрағына қойылды.

Еске сала кетсек, «Қорғау» қосымшасын қаланың тәртіп сақшылары 2022 жылдың сәуірінде қолдана бастады. Қосымша полицейлерге жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздестірудегі, төленбеген айыппұлдары бар көліктер туралы хабарлай алады.

Сонымен қатар, аталған бағдарлама жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын қауіпті жүргізушілерді анықтайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама