Айыпталушы ДАИШ армиясына көмектескен
АҚШ үкіметі Қазақстанның Бас прокуратурасына лаңкестерді жалдаушы және контрабандашы Мирсад Кандичті соттауға көмектескені үшін алғыс білдірді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылды.
Мирсад Кандич ДАИШ-тің жоғары лауазымды мүшесі болды, ол сансыз адамды жинап, оларға Сирияға және ДАИШ содыры болу үшін басқа аумақтарға баруға көмектескен.
Айыпталушы ДАИШ армиясының алдыңғы шебін қару-жарақпен қамтамасыз етумен қатар, экстремистік топқа басқа көптеген жолмен қолдау көрсеткен.
Cоның ішінде қару-жарақпен қамтамасыз ету және оның лаңкестік әрекетін одан әрі жалғастыру үшін бүкіл әлемге зорлық-зомбылық насихатын таратумен айналысқан.
Кандичтің әрекеті шабуылдармен және айтарлықтай адам өлімімен тікелей байланысты болды, - деді АҚШ прокуроры Пис.