×

Жолаушы тағы бір таксисті арандатты (ВИДЕО)

«Тыныш отыршы», - деп айтқанына қарамастан мас келіншек ер адамның жағасынан алған

 Дастан Жұмабекұлы 31.01.2024 | 16:02
Фото: https://t.me/kriminal_kazakhstan

Әлеуметтік желіде тағы бір таксисті арандатқан жолаушы туралы видео шықты.

Telegram-дағы «Криминальный Казахстан» арнасында жарияланған видеода мас әйелдің автокөлікте такси жүргізушісін арандатып отырғаны түсірілген.

Көліктің артқы орнында отырған келіншек: «Не істеп жатсың, а?» - деп таксиске машинаны жүргізуге кедергі келтірген. Сол кезде көлік жүргізушісінің «Тыныш отыршы!» дегеніне қарамастан мас келіншек оның жағасынан алған.

Содан кейін таксист автокөлікті жол бойына тоқтатып, әйелдің салоннан шығуын талап еткен.

Бұл оқиғаның қай жерде болғаны белгісіз.

Бұған дейін әлеуметтік желіде такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы даулы видео тараған еді. Оқиға 24 желтоқсанда Қостанайда болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама