Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда тиісті санаты жоқ жүргізуші мектеп автобусын басқарған

Бұл факт оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді

 Динара Амантай 31.01.2024 | 15:17
Көкшетауда тиісті санаты жоқ жүргізуші мектеп автобусын басқарған
Фото: Halyq Uni

Көкшетау қаласының прокуратурасы облыс орталығының оқу орындарында тексеру жүргізу кезінде оны жүргізуге тиісті санаты (D) жоқ адамның мектеп автобусын басқару фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жол жүрісі ережелерінің талаптарына сәйкес, балаларды күнделікті тасымалдайтын аталған жүргізуші қажетті рұқсат құжаттары мен дағдылары болмағандықтан мектеп автобусын басқара алмайды. Осыған қарамастан, мектеп директорының орынбасары жауапты шенеунік бола отырып, оны басқаруға рұқсат берген. Бұл факті оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

Прокурорлық тексерулер барысында автокөлік және жол жүрісі туралы заңнаманың басқа да бұзушылықтары анықталды. Кінәлі адамдар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жүргізуші мектеп автобусын басқарудан шеттетілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыс жалғасатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама