БҚО-да жалған анықтама жасаған дәрігерге сот үкімі шықты
Құжатты жасатқан азамат әкімшілік қамауға алынды
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында жалған анықтама жасаған дәрігер мен оны жасатқан азаматқа қатысты сот үкімі шықты.
Бөрлі ауданында көлікті мас болып жүргізген азамат әкімшілік жауапкершіліктен жалтару үшін осы ауданның фельдшерінен өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама жасап беруін өтінген. Оның өтініші бойынша орталық аудандық аурухананың фельдшері жалған анықтама дайындап, анықтаманы кейін сотқа жіберген. Бірақ Бөрлі ауданының прокуратурасы анықтаманың заңдылығын тексеріп, оның заңсыз екенін анықтаған. Сөйтіп, тексерудің қорытындысы бойынша жалған анықтама дайындаған фельдшерге қатысты ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі бойынша, ал құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігімен сотта жалған анықтаманы пайдаланғаны үшін іс қозғалып, сотқа жіберілді.
Сот жалған құжат жасап беруін сұраған адамға қатысты тексеріс аяқталғаннан кейін оны Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі («Жалған құжатты пайдалану») бойынша кінәлі деп танып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге үкім шығарып, ӘҚБтК-тің 608-бабы 6-бөлігімен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алды.
Осы соттың үкімімен фельдшер жалған құжат жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.