Ер адам өзінің әрекетінің себебін түсіндіре алмады
Абай облысының тұрғыны полицияға жалған хабарлама бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция басқармасына Карменов көшесіндегі үйлердің бірінің жанында терроризм актісі жоспарланғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына барған полиция мен арнайы қызметтердің қызметкерлері үй тұрғындарын эвакуациялап, тұрғылықты жерін мұқият тексерді. Нәтижесінде қауіпті заттар табылған жоқ.
Біраз уақыттан кейін күдіктінің өзі де анықталды. Ол Семейдің 48 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам мас болғандықтан, өзінің қоңырауының себебін жөнді түсіндіре алмады. Оның мас болғанын сараптама растады.
Қазір ер адам арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді ол 100 мың теңге айыппұл төйлейді.