×

Елордада негізсіз салынған шектеулердің салдарынан инвестордың жұмысы тоқтатылған

Прокуратура ірі кәсіпкердің құқығын қорғады

 Динара Амантай 31.01.2024 | 10:10
Фото: Halyq Uni

Астанада негізсіз салынған шектеулердің салдарынан инвестордың жұмысы тоқтап қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, маңызды инвестициялық жобаларды қолдау мақсатында құрылған фронт-офиске Astana Green Agro ЖШС жүгінген. Бұл кәсіпорын инвестиция көлемі 2 млрд теңге боатын және 100 жұмыс орнын ашатын «Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндіру зауытының құрылысы» жобасын іске асырып жатқан.

Бүгінде кәсіпорынның өз қаражатынан 900 млн теңгеге жуық инвестиция салынды. Сот орындаушысының негізсіз қойылған шектеулеріне байланысты, жоба 4 айдан астам уақытқа тоқтатылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот орындаушысының шектеу шаралары жойылды. Инвестор жобаны іске асыруды жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама