Негізгі күдіктінің жеке басы анықталып жатыр
Ақмола облысында алаяқтар әйелді 7 млн теңгеге сан соқтырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Көкшетау тұрғыны криптовалютаға инвестиция салу үшін ақшасын беруге көндірген алаяқтардың құрбаны болды. «Инвестициялау арқылы пайдалы табыс» туралы хабарландыруды әйел 2023 жылдың қарашасында әлеуметтік желіден кездестірген. Жәбірленушінің айғақтары бойынша, былтыр 4-23 қараша аралығында белгісіз адам алдау арқылы өзіне тиесілі 7 млн 280 мың теңгесін иемденіп алған.
Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бірі анықталды. Тараз қаласының 2004 жылы туған тұрғыны жәбірленушінің ақшасын үшінші тұлғаға аударған делдал болған, – делінген хабарламада.
Қазір полиция қызметкерлері негізгі күдіктінің жеке басын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.