Halyq Uni логотип
×

Үкімет шегірткемен күреске қосымша 4 млрд теңге бөлді

Бұған дейін республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлінген 

 Халық үні 31.01.2024 | 09:17
Үкімет шегірткемен күреске қосымша 4 млрд теңге бөлді
Фото: Владислав Воднев

Үкімет шегірткемен күреске қосымша 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Үкімет шегірткелердің жаппай таралуының алдын алуға, жайылымдарға зиянын тигізбеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарын жоюына, сондай-ақ көрші мемлекеттердің іргелес аумақтарына көшуіне жол бермеу үшін шаралап қабылдап жатыр. Осы мақсатта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу бойынша шұғыл шығындарға 3,9 млрд теңге бөлінген.

Елімізде кейінгі жылдары үйірлі шегірткелердің таралу алаңы ұлғайғаны байқалады. Мысалы 2020 жылы – 514 мың га, 2021 жылы – 626 мың га, 2022 жылы – 975 мың га болған.

2023 жылы таралу алаңы 1 585 мың га болады деп болжанғанымен, іс жүзінде 1 616 мың га өңделді.

Биыл республикалық бюджеттен 1 270,6 мың га алаңды өңдеуге 4,2 млрд теңге бөлінген еді. Алайда 2024 жылы нақтыланған жалпы болжам бойынша шегірткенің таралу алаңы ұлғайып, 2,5 млн га құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1 млн гектарға артық.

Бөлінген қосымша қаражат 1,3 млн га алаңда зиянкес үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге бағытталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама