Halyq Uni логотип
×

БҚО-да кәсіпкерлерге кедергі келтіргені үшін 17 адам жазаланды

Оның ішінде 1 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 30.01.2024 | 14:49
БҚО-да кәсіпкерлерге кедергі келтіргені үшін 17 адам жазаланды
Фото: Halyq Uni

БҚО-да өткен жылы кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін 17 тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің бірінші отырысында айтылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Күн тәртібінде кәсіпкерлік субъектілерін құқықтық қорғау және 2023 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың «Көше саудасына арналған 100 орын» жобасын іске асыруы кезіндегі бизнестің проблемалық мәселелері қаралды.

2023 жылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Бизнеске жол» жобасын іске қосқаны белгілі. Жобаны іске асыру барысында бизнеспен 70 кездесу өткізіліп, 57 өтініш қаралып, 650-ге жуық кәсіпкердің проблемалық мәселелері оң шешілді.

Кәсіпкерлік қызметке әкімшілік кедергілер келтіргені үшін 13 адам тәртіптік, 3 адам әкімшілік, 1 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Биыл бұл бағыттағы жұмыс «Атамекен» ӨКП-мен тығыз қарым-қатынаста жалғасатын болады. Біз өңірлік кәсіпкерлер палатасына түсетін бизнес субъектілерінің өтініштерін зерделеу арқылы өңірде бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілер тудыратын жүйелі проблемаларды анықтауға бағытталғанбыз. Жүйелі проблемаларды шешу бойынша жұмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау сияқты алдын алу құралдары арқылы жүргізілетін болады, – деп атап өтті БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама