Биыл да коммуналдық тариф қымбаттайды

Дәурен Ерболат

Қазақстандықтар суды үнемдеп үйренуі керек

Фото: Halyq Uni

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл да су және электр энергиясы тарифінің бағасы өсетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында министр 2024 жылы коммуналдық тарифтердің қымбаттайтынын жеткізді.

Электр энергиясы бойынша орташа өсім – 20-30%. Бұл субъектінің қуатына байланысты. Сондай-ақ судың тарифі де өте төмен. Былтыр мен Батыс Қазақстан облысында болдым. Онда судың бір текше метрі – 44 теңге. Әрине, осыдан кейін су тиімсіз пайдаланылады. Мысалы, сіз моншаға барсаңыз, онда судың текке ағып жатқанын көресіз. Оны өшіру керек. Өкінішке қарай, үнемдеу жоқ. Су – өте маңызды ресурс. Сондықтан оны үнемдеуіміз керек. Тариф өседі. Бүгінде суға 200-500 теңге төлейміз. Сондықтан мұнда (су тарифін) айтарлықтай көтеруге болады. Олай істемесек, үнемдеу болмайды. Биыл тариф (бағасы) өседі, - деді Әлібек Қуантыров.