Halyq Uni логотип
×

Өскеменде боксшы балалар күй ырғағымен жаттықтығып жүр

Бұл бокс үйірмесінің спортшылары 4 жылда 100 медаль жеңіп алған

 Еркеғали Болатұлы 30.01.2024 | 13:34
Өскеменде боксшы балалар күй ырғағымен жаттықтығып жүр
фото: видеодан скриншот

Өскеменде жас боксшылар Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін тыңдай жүріп жаттығады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бокстан спорт шебері, бапкер Ілияс Оразхан балаларды күйдің үнімен жаттықтыру арқылы патриоттық тәрбие беруді қолға алған. Оның айтуынша, ұлттық күй мақамымен соққы қою – үлкен стратегия.

Біз алдымен балалардың қызығушылығын оятып, дұрыс бағыт-бағдар бере білуіміз керек. Сонда олар қолға алған ісін жақсы меңгереді. Көңіл күйі көтеріңкі болса, бала деген шаршауды білмейді. Сол арқылы бокстың әдіс-тәсілдерін тез үйренеді, – дейді бапкер.

Шынымен де оның шәкірттерінің бірі Расул Марат музыкадан шабыт алатынын айтты.

Менің ойымша, бокс – екінші би. Рингке билеп шығасың, ұтасың, кетесің. Музыка менің ішімдегі мотивацияны жандандырады, жеңіске көмектеседі деп ойлаймын, - деді Расул Марат.

Ілияс Оразхан бүгінде 50 шәкірт тәрбиелеп отыр. Ол қызмет ететін бокс үйірмесінің спортшылары 4 жылда 100 медаль жеңіп алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама