Halyq Uni логотип
×

90-жылдары қылмыстық топтың мүшесі болған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Сот үкімімен 2 адам өлім жазасына кесілді

 Дастан Жұмабекұлы 30.01.2024 | 12:07
90-жылдары қылмыстық топтың мүшесі болған күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысының полицейлері 26 жылдан кейін қылмыстық топтың мүшесі болған азаматты ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, банда 1998 жылдан бастап қылмыс жасай бастаған. Олар тәртіп сақшыларының киімін киіп, жолға шығып, қаруланып, автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерді тонап, бірнеше адамды өлтірген. Өлген адамның денесін орманға апарып, көміп тастаған.

Қылмыстық топта 6 адам болған.

1999 жылы банданың 4 мүшесін полиция қызметкерлері ұстаған болатын. Сот үкімімен олардың екеуі өлім жазасына кесіліп, тағы 2 адам ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылды.

Топтың тағы бір мүшесі құжаттарды, тегін, атын, әкесінің атын және туған жылын, тіпті түрін өзгертіп, 26 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген. Міне, сол адамды полиция 27 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұстады. Күдікті Көкшетауда ұсталды.

Қазір күдікті уақытша қамау изоляторына қамалып, тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама