×

Ақтөбе облысында 22 су қоймасын салу жоспарланып отыр

Жобалар жерүсті су ресурстарын сақтап қалуға, жалпы су көлемін көбейтуге мүмкіндік береді

 Дастан Жұмабекұлы 30.01.2024 | 11:40
Фото: diapazon.kz

Елімізде болашақта су жетпеуі басты проблемаға айналуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты. Осыған бүгінде су жетпеуі бойынша техникалық экономикалық негіздеме әзірленді.

Қазір Ақтөбе облысында мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған соң, жобалық-сметалық құжаттары жасалды. Облыс әкімдігінің хабаралуынша, 2025 жылы мамандар құрылыс жұмыстарына кіріседі.

Ақтөбе облысында жерүсті суын көбейту мақсатында кешенді жоспар бекітілген. Ол Су ресурстары және ирригация министрлігіне келісуге жолданды. 2024-2029 жылдар аралығында іске асырылатын құжатта 22 су қоймасын салу көзделген. Жобалар жерүсті су ресурстарын сақтап қалуға, жалпы су көлемін 491,62 млн текше метрге, суландыру алаңын 49 070 га көбейтуге мүмкіндік береді.

Жалпы, өңірде 206 гидротехникалық құрылғы жұмыс істеп тұр. Олардың 611,8 млн текше метр суды сақтап қалатын мүмкіндігі бар. Үш ірі су қоймасының жағдайы бақылауда. Қазір Қарғалы, Ақтөбе және Саздыдағы судың нақты көлемі есептелген жобалық көлемге жетпейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама