×

ШҚО-да заңсыз діни материалдар таратқан әйел жауапқа тартылды

Полицейлер ескерту жасады

 Динара Амантай 30.01.2024 | 11:25
Фото: polisia.kz

ШҚО-да заңсыз діни материалдар таратқан әйел жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Катонқарағай ауданының 35 жастағы тұрғынын анықтады. Ол танымал мессенджердің көмегімен басқа пайдаланушыларға сот шешімімен тыйым салынған бейнероликтерді жіберген.

Аталған құқықбұзушылықты жасағаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі («Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет-ресурстарынан алынған әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алу қажеттігін еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама