×

Шымкентте бөгде адамнан таяқ жеген әйел полицияның әрекетіне наразы (ВИДЕО)

Мені ұрған адам учаскелік полицияның танысы болып шықты, - дейді жәбірленуші

 Еркеғали Болатұлы 30.01.2024 | 11:14
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның дәмхана қызметкерін ұрып-соққан видеосы тарады. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Оқиға 25 қаңтарда болған. Жәбірленушінің айтуынша, бір топ ер адам дәмханаға телефон сату үшін кірген. Қызметкер олардан дәмханадан шығуын сұрағанда, агрессиямен жауап беріп, тіпті ұрып-соғып кеткен.

Жәбірленуші болған жағдайды айтып, полицияның көмегіне жүгінген. Алайда олар ер адамды қатаң жазаламайтынын, тек 10 тәулікке қамауға алатынын айтқан. Сондай-ақ кінәлі тарап өтемақы төлемеген.

Денем көгеріп қалды, жарақаттар да бар. Бірақ учаскелік полиция істі жауып тастағысы келеді. Мені ұрған адам учаскелік полицияның танысы болып шықты. Сол себепті оны қорғаштап тұр, – дейді жәбірленуші.

Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Полиция жәбірленушінің жарақаттары қаншалықты ауыр екені анықталғаннан кейін барлық қажет шара қабылданатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама