Спорт мектебінде таяқ жеген баланың ата-анасы мекемені сотқа берді

Динара Амантай

Жасөспірімнің ата-анасы 500 мың теңге өндіргісі келген

Фото: Halyq Uni

Астананың спорт мектптерінің бірінде екі жасөспірім төбелесіп, олардың бірінің ата-анасы моральдық зиянды өндіріп алу мақсатымен мекемені сотқа берген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, талап қоюшы мен спорт мектебі арасында талап қоюшының кіші ұлын спорттық даярлау туралы шарт жасалған. Жасөспірімнің ата-анасы спорт мектебіне және екінші баланың ата-анасына әрқайсысы 500 мың теңгеден моральдық зиянды өтеу керектігі туралы талап қойды.

Талапкер сотқа сарапшылардың өз ұлынан дене жарақатының анықталғаны және денсаулығына жеңіл зиян келтірілгені көрсетілген қорытындысын ұсынды. Сот ата-ананың жауапкерлерге қатысты моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюын заңды және негізделген деп таныды. Сонымен қатар, парасаттылық пен әділдік өлшемдеріне сүйене отырып, жауапкерден өндіріп алынатын соманы 50 мың теңге, ал спорт мектебінікін 70 мың теңге мөлшеріне азайтты, – делінген сот хабарламасында.

Тараптар сот шешіміне шағымданбады және шешім заңды күшіне енді.