×

Челлендж: Өскемендегі шұрқ тесік жолдарға қала әкімінің фотосы қойылып жатыр

Референдум қарсаңында Өскеменде «ерекше» челлендж басталды

 Ербол Тұрымбет 26.05.2022 | 14:18
фото: facebook.com/nassima.korganbekova

Өскемен қаласында челлендж басталды. Тұрғындар қаладағы проблемалы жерлерге (әсіресе шұрқ тесік жолдарға) шаһар басшысы Жақсылық Омардың фотосын іліп, «Лучшая поправка, Омара отставка» деген сөзді ұран қылып отыр. Тұрғындар мұндай челленжді биліктің назарын облыс орталығындағы проблемаға аударту мақсатында ұйымдастырып отыр. Бұл туралы қоғам белсендісі, Q-Adam қоғамдық қорының жетекшісі Насима Қорғанбекова жазды.

Ақпан айының басында Өскемен әкімі Жақсылық Омардың отставкасын талап еткен тұрғындар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына петиция жолдап, қазіргі әкімнің қала азаматтарының өмірін жақсарту үшін ешқандай жұмыс атқармаған жазды. Сондай-ақ петицияда Жақсылық Омардың қала сыртындағы аудандардың мәселесін көзге ілмейтіні, қоғам пікірімен санаспайтыны да жазылған.

Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі болып 2018 жылдың 20 тамызында тағайындалды. Ол 2013 жылдың мамырынан 2016 жылдың қарашасына дейін ШҚО әкімінің орынбасары, ал 2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске салайық, 2021 жылы коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова карантин режимін бұзғаны үшін айыппұл төледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08