Шетел кәсіпкерлері кен орындарын игереді
Өзбекстан Қытайдың Shandong Energy Group Co., Ltd компаниясы Қарақалпақстандағы кен орындарын игеруге шақырды.
Қытайда өткен Өзбекстан-Қытай аймақаралық форумы аясында Қарақалпақстан Республикасы Жуқорғи Кенгеси төрағасы бастаған делегация Shandong Energy Group Co., Ltd компаниясының басшылығымен кездескен еді. Сол жиында Қытай кәсіпкерлері тау-кен металлургия жобаларымен айналысуға келісті.
B2B және G2B пішінінде өткен кездесуде Қарақалпақстан Республикасында тау-кен металлургия жобаларын іске асыру мәселесі талқыланды.
Компания басшыларымен екіжақты ынтымақтастық, перспективалы жобалар бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасында бастапқы құны 150 млн доллар болатын металлургия саласы жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды.