Halyq Uni логотип
×

Ақтаулық жігіттер полицейлермен жағаласып жүр (ВИДЕО)

Видеодан ер адамдардың төбелескенін көруге болады

 Еркеғали Болатұлы 26.05.2022 | 13:47
Ақтаулық жігіттер полицейлермен жағаласып жүр (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Ақтау көшесінде жастардың полицейлерге бағынбай, тіпті оларды балағаттап, дауыс көтергені видеоға түсіп қалған. Бұл туралы бүгін жергілікті Lada.kz басылымы хабарлады.

Әлеуметтік желілерге тараған видеодан ер адамдардың төбелескенін көруге болады. Кадрдағы бір топ жас жігіт полицейлермен айғайласып жатыр.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 мамырда сағат 23.10 шамасында Самал шағынауданындағы жағалауда, «Монако» мекемесіне қарама-қарсы жерде болған.

Полицейлер бұл деректің мектеп бітіруші түлектерге қатысы жоғын айтты.

«Аумақта жауапты полицейлер дер кезінде қауіпті жағдайдың алдын алды. Жастар ешқандай арыз жазбады. Олармен арада профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деді ведомство өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама